{metadescription}
Үндістан саны бойынша Қытайды басып озады

Үндістан саны бойынша Қытайды басып озады

Алдағы айларда Үндістан халық саны бойынша Қытайды басып озып, әлемдегі халқы ең көп елге айналады.

Соңғы 70 жылда Қытай мен Үндістан халқы әлемдегі жан санының үштен бірінен астамын құрады.

Ұйымның болжамынша, Үндістан халқы жақын арада 1,4286 млрд адамға жетуі керек, бұл 1,4257 млрд халқы бар Қытайдан 2,9 млн-ға көп. БҰҰ сейсенбіде әлемдегі демографиялық беталыстардың өзгеруіне көзқарас туралы баяндаманы жариялады.

Қытайда туу көрсеткіші төмендеп, былтыр халық саны 1961 жылдан бері алғаш рет азая бастады. Демографтар мұны елде 35 жыл бойы жүріп, жеті жыл бұрын тоқтап қалған бір бала саясатымен, бала бағуға жұмсалатын шығынның жоғары болуымен байланыстырып отыр.

Үндістанда бір әйелге шаққандағы туудың орташа саны да жылдан жылға азайып келеді. Бұл ретте баяндамада Үндістан халқының саны туралы мәліметтер болжамды болып табылады, өйткені елде соңғы халық санағы 2011 жылы жүргізілген.

Соңғы 140 жыл ішінде Үндістан халқының саны әр 10 жыл сайын жүйелі түрде есептеліп келді, бірақ 2021 жылы коронавирус пандемиясына байланысты халық санағы тоқтатылды. Енді ол 2024 жылға жоспарланған.

Қараша айында әлем халқының саны 8 млрд адамға жетті. Дегенмен, сарапшылар оның өсу қарқыны бәсеңдеп, қазір 1950 жылдан бергі ең төменгі деңгейге жеткенін айтады. Үндістанда да, Қытайда да туу көрсеткіші төмендеуде.

Қытайда 2016 жылы билік бір бала саясатын жойып, жас отбасыларды екі немесе одан да көп балалы болуға көндіруге бағытталған бірнеше бастамаларды ұсынғанымен, халық саны азайып келеді.

Үндістанда да туу көрсеткіші соңғы онжылдықтарда айтарлықтай төмендеді. Бұл ретте халықтың өсімі жылына 1,2% деңгейінде қалып отыр, бұл өткен онжылдықпен салыстырғанда шамамен төрттен біріне төмен.

БҰҰ Халықты орналастыру қорының тапсырысы бойынша жүргізілген зерттеу Үндістандағы халық санының өсімі үрей тудыратынын көрсетті. Үнділердің көпшілігі халықты тым көп және туу көрсеткішін тым жоғары деп атады.

Сауалнамаға қатысқандардың үштен екісіне жуығы халық санының өсуі елде экономикалық қиыншылықтар туғызып отырғанын айтты.
Бірақ БҰҰ өкілдері үндістер халық санының өсуіне алаңдамауы керек деп санайды.

«Халық саны үрей тудырмауы керек. Керісінше, адамдардың жеке таңдау құқығы сақталса, бұл сандар прогрестің, дамудың және амбицияның өсуінің символы ретінде қарастырылуы керек», - деді БҰҰ-ның Үндістандағы өкілі Андреа Войнар.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.