Ыстанбұлда атыс болып, Қазақстан азаматы жарақат алды
Қазақстан азаматына Ыстанбұлда болған қақтығыс кезінде оқ тиді.
10:40 20.04.2023
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті.
«18 сәуірде Ыстанбұлдағы ҚР Бас консулдығына біздің азаматтан қоңырау келіп түсті, ол өзіне оқ тигенін хабарлады. Консул дереу зардап шеккен азаматқа барып, оны жергілікті ауруханаға жеткізді. Медициналық тексеруден өтті, ота жасалады деп күтілуде. Қазір жерлесіміздің жағдайы тұрақты», - деді Айбек Смадияров.
Ақпаратта айтылғандай, жерлесіміз жарақат алған кезде қасында әйелі болған.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, отандасымыз жергілікті азаматтар арасындағы атысқа кездейсоқ тап болған. Ол өздігінен кетіп бара жатқанда оқ тиген. Бүгінде полиция оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр», - дейді ведомстводан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!