Жамбыл облысында атыс қаруы мен оқ-дәрілер сақталған орын табылды
19 сәуір Көліктегі Полиция департаменті ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері Шу қаласының маңында қараусыз қалған ғимараттан атыс қаруы мен оқ-дәрілерді тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
15:27 20.04.2023
«Қаңтар оқиғасы кезінде Жамбыл облысы Полиция департаментінен ұрланған АКСУ-90 автоматы оқшантайымен бірге, бөлшектелген түрдегі қос ұңғылы аңшы мылтығы, 16 мл калибрлі шолақ аңшы мылтығы, Streamer 1014 маркалы газ тапаншасы, 5.45 мм калибрлі патрондардың 29 бірлігі, 7.62 мм калибрлі 7 патрон, 16 мл калибрлі тегіс ұңғылы қарудың 9 патроны немесе 49 данасы тәркіленді», - деді ҰҚҚК басқармасының бастығы Теміржан Рамазанов.
Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!