{metadescription}
Қызылордада газ-ауа қоспасы жарылып, бір адам зардап шекті

Қызылордада газ-ауа қоспасы жарылып, бір адам зардап шекті

19 сәуір күні Қызылордада жеке тұрғын үйде газ-ауа қоспасы жарылып, өрт болды.

182 шаршы метр аумақ опырылып құлап, өрт 60 шаршы метр болатын уақытша құрылыс алаңына көшті. Бір адамды күйік шалды.

Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметке сүйенсек, қайғылы оқиға кезінде үйде 1984 жылы туған Өзбекстан азаматы болған. Жедел жәрдем ер адамды ауруханаға "І дәрежелі күйік" диагнозымен жеткізді.

Оқиға орнында штаб құрылды. Өрт бірнеше сағаттан кейін ауыздықталды. Қазір Өрттің себебі анықталып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде