{metadescription}
Жүргізуші куәлігін беру саласында өзгеріс енгізу ұсынылды

Жүргізуші куәлігін беру саласында өзгеріс енгізу ұсынылды

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Олжас Құспеков жүргізуші куәлігін беру саласындағы кемшіліктер жайында айтты.

«Қазақстанда жыл сайын 10-15 мың жол-көлік оқиғасы тіркелсе, салдарынан 2 мыңға жуық адамдар қаза табады, яғни жыл сайын жол үстінде үлкен бір ауыл тұрғындарының жоқ болып кетуімен пара-пар. 30 жылда жол апатынан қайтқандардың саны Ауған соғысында қаза тапқан КСРО әскер санынан 4 есе асып отыр. Жол апаты салдарынан болатын экономикалық шығынның көлемі жылдық жалпы ішкі өнімнің 3% құрайды. Жол апатынан қаза тапқандардың саны жыл сайын өсіп келеді», - деді О. Құспекова ҚР Үкімет басшысының атына жолдаған сауалында.

Сарапшылардың пайымдауынша, жол-көлік оқиғаларының көбеюінің негізгі себебі – емтиханды тапсырмай-ақ жүргізуші куәлігін еш кедергісіз оп-оңай алу мүмкіндігі. Ондай көмекті емтиханды өткізуді ұтып алған мердігер компанияның қызметкерлері де, арнаулы халыққа қызмет көрсету қызметкерлері де ұсынып жүр. Жыл сайын жол ережелері емтиханын тапсырушылардың саны орташа есеппен 424 мың адамды құрайды. Шамамен олардың 10 пайызы – 42 мың адам куәлікті сатып алса, сатудан түскен қаражаттың көлеңкелі айналымы жыл сайын 8 млрд теңгеден асады.

«Адам өліміне әкелетін осындай қылмыстардың өршіп тұруына неге жол беріліп отыр? «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы жүргізуші куәлігін алуға емтихандарды қабылдау жөніндегі қызмет түрін үшінші тұлғаға заңсыз негізде беріп отыр. Бұл қызмет түрін нарыққа беру туралы шарт ешқандай заңда қарастырылмаған. Мердігер компанияға ақпараттық қауіпсіздік пен құрылғыларға қатысты қойылатын талаптар ескерілмеген. Жүргізуші куәлігін алу кезінде сыбайлас жемқорлыққа жол берілгендіктен, бұл қызмет түрін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы құзыреттілігі аясынан алып тастау ұсынылып отыр», - деді депутат.

«Сонымен қатар ол аталған мәселе бойынша Ішкі істер, Цифрлық даму, министрліктері, Мемлекеттік қызмет істері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіктерінің қатысуымен кеңесші орган құруды ұсынды.

«Сыбайлас жемқорлық белгілері бар тәуекелдерге түбегейлі талдау жасап, болашақта оларлы болдырмау жайлы механизмді енгізуді, сондай-ақ аталмыш мемлекеттік қызмет түрін бәсекелестік жағдайында және Қазақстан заңдарын сақтай отырып нарыққа беруді ұсынамын», - деді Олжас Құспеков.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде