{metadescription}
СІМ Ыстанбұлда оқ тиіп жараланған қазақ жігітіне қатысты мән-жайды түсіндірді

СІМ Ыстанбұлда оқ тиіп жараланған қазақ жігітіне қатысты мән-жайды түсіндірді

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Ыстанбұлда атыс кезінде жарақат алған жерлесіміздің жағдайына қатысты мән-жайды түсіндірді.

«Кеше біраз бұқаралық ақпарат құралдарында Ыстанбұл қаласында қазақ жігітіне оқ тиді деген ақпарат тарады. Сыртқы істер министрлігі бұл мәселеге қысқаша түсініктеме берді. Алайда, әлеуметтік желіде жарақат алған жігіттің жұбайының «Оқты денеден алу отасы ақылы қызмет, сондықтан біз бас тарттық, өйткені ақша басқа мақсатқа қажет» деген сөзі талқыға түсіп жатыр екен. Осы жерде бұл жанұяның жағдайын түсіндіре кетейін. Жарақат алған жігіттің аты - Бегалы, жасы 32-де, өзім бағана тікелей хабарласып сөйлестім. Біраз әңгіме айттық, көшеде болған атыс туралы сұрадым, сонда ол ұялып маған айтқаны мынау болды: «Менің жағдайым жақсы, отаны жасап дәрігерлер оқты денемнен алды. Бүгін-ертең ауруханадан шығамын, бұл жерде жата беретін уақытым жоқ, өйткені кішкентай қызымызды емдеуге алып келгенбіз». Ыстанбұлда жарақат алған жерлесіміздің тек қызын ойлап отырғаны байқалды, дауысы және көңіл-күйі көтеріңкі екен, екі сөзінің бірі - қызым-қызым дейді. Аман-сау қалғанына қуанып отыр, сондай жарқын жомарт жігіт екен», - деп жазды Айбек Смадияров Facebook парақшасында.

Оның айтуынша, Ыстанбұлдағы дипломаттарымыздың көмегімен ота тегін жасалып, қолдан келген басқа да көмек көрсетіліп жатыр.

«Енді Бегалы бауырымыздың Айым атты кішкентай бүлдіршіні туралы айта кетейін. Түркияда қараша айынан бері рак ауруын емдеп химиотерапия өтіп жатыр, арнайы ота жасау қажет. Бірақ өздеріңіз білесіздер, рак ауруын емдеу үшін қомақтай қаражат талап етеді. Бегалы қызының еміне кішігірім сома жинап қойыпты, соны өзіне қимай Айымның отасына жұмсаймын деді. Қанша қаражат қажет деп сұрадым, қысылып айтпай қойды. «Көмек түсіп жатыр, жақсы адамдар бар, уайымдамаңыз, мен аяғыма тұрсам бәрін өзім шешемін» деп ер жігіттің сөзін айтып отыр. Қызын сондай қатты жақсы көретіні сөзінен де, көңілінен де көрініп тұр, оқ тиіп жарақат алған адамға мүлдем ұқсамайды. Әкенің қызына деген махаббаты қандай керемет, иә?», - дейді ол.

Бұған дейін Ыстанбұлда атыс болып, Қазақстан азаматы жарақат алғаны хабарлаған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде