{metadescription}
Бірқатар конституциялық заңдарға өзгерістер енгізілді

Бірқатар конституциялық заңдарға өзгерістер енгізілді

2023 жылы 20 сәуірде Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды.

Аталған құжат арқылы келесі ҚР конституциялық заңдарына өзгерістер енгізіледі:

1. "Қазақстан Республикасының Президенті туралы "1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына: 37-бапта"және зейнетақы заңнамасы" дегенді "заңнама және зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы заңнама" деген сөзбен ауыстырылсын.

2. "Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына:

- 35-баптың 2-1-тармағының бірінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

- 35-1-баптың 1-тармағындағы "зейнетақымен қамсыздандыру " дегенді "әлеуметтік қорғау" деген сөздермен ауыстырылсын;

- 54-баптың 3-тармағындағы "1-топтағы мүгедекке", "II топтағы мүгедекке", "III топтағы мүгедекке" деген сөздер, тиісінше "бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға", "екінші топтағы мүгедектігі бар адамға", "үшінші топтағы мүгедектігі бар адамға" деген сөздермен ауыстырылсын.

"Конституциялық Заң алғаш ресми жарияланған күнінен кейін 60 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі".

3. "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң.

Аталған заң зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтік сақтандыру және арнайы әлеуметтік қызметтерге қатысты кейбір тұжырымдарға өзгерістер енгізеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.