Алматыда заңсыз салынып жатқан тағы 3 тұрғын үй кешені табылды
Алматыда тағы да бірқатар заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешені анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Фото: steppe.com сайтынан алынды
17:22 21.04.2023
Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, тұрғын үй кешендерінің құрылысқа қажетті толық құжаттары жоқ.
ORDA CITY» тұрғын үй кешені. Теректі ықшамауданы, Айналмалы көшесі, 183 мекенжайында орналасқан. Тапсырыс беруші: «Investment Stroy» ЖШС.
Құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы туралы хабарлама және жоба алдындағы құжаттамасы жоқ, учаскені пайдалану мақсаты - ЖТҮҚ.
Басқарма құрылыс салушыға ҚР ӘҚБтК-нің 316 баптың 1-бөлігі, 321 бап бойынша шара қабылдап, құрылыс-монтаж жұмыстарын тоқтата тұру туралы ұйғарым шығарды, сонымен қатар Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына қазаншұңқырды бұзу және қайта толтыру туралы талап арыз жолдады.
«Dostar Deluxe» тұрғын үй кешені. Мәдениет шағынауданы, 185/8 мекенжайы бойынша орналасқан.Тапсырыс беруші: «Ашинов» жеке кәспкер; Эскиздік жобасы келісілмеген, құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы туралы хабарлама жоқ.
ҚР ӘҚБтК-нің 316 баптың 1-бөлігі, 321 бап бойынша шара қабылданды.
Verona тұрғын үй кешені. Ремизовка, 7-жол 71 учаскесінде ораласқан. Тапсырыс беруші: 5 жеке тұлға. Құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуы туралы хабарлама және жоба алдындағы құжаттамасы жоқ.
Басқарма өкілдерінің айтуынша, бүгінгі таңда азаматтардың заңсыз тұрғын үй кешендерінен пәтер алу фактілері тұрақты түрде анықталуда.
«3 қабатқа дейінгі тұрғын үйлер үшін үлескерлерден қаражат тартуға рұқсат талап етілмейтін қолданыстағы заңнаманы пайдаланып, жосықсыз құрылыс салушылар жылжымайтын мүлік сатып алушы адамдарды жаңылыстыруда. Жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын, қала құрылысын бақылау басқармасының +7 (727) 229-81-36 сенім телефонына хабарласып, салынып жатқан тұрғын үй кешендеріндегі құжаттардың толық пакетін тексеруге кеңес берміз»,- делінген хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!