{metadescription}
Қостанайда бір жасар бала 3-қабаттың терезесінен құлап кетті

Қостанайда бір жасар бала 3-қабаттың терезесінен құлап кетті

Қостанайда терезеден құлап кеткен бір жасар баланың жағдайы ауыр, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.

Оқиға 25 сәуір күні кешке сағат 19:50-де Чехов көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйде болған. Бала ересектердің қарауынсыз қалып, ашық тұрған терезеге мініп, сыртқа құлап кеткен.

Сәби шұғыл түрде қалалық балалар ауруханасының реанимациясына жатқызылды. Дәрігерлер жабық бас миының жарақаты, жағдайы ауыр деген диагноз қойды.

Қостанай облысының ТЖД кезекті рет ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде