Алматы облысында қонақ үйден 26 жастағы қыздың денесі табылды
Алматы облысында 26 жастағы қызды өлтірген күдікті ұсталды, деп хабарлайды полиция.
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
13:10 26.04.2023
20 сәуір сағат 14:25 шамасында Алматы облысы полициясына Қарасай ауданының аумағында орналасқан қонақ үйлердің бірінен хабар түсті. Онда қонақ үйден 26 жастағы азаматшаның мәйіті табылғаны айтылған.
Бұл жағдай ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі - «кісі өлтіру» бойынша Қарасай ауданының полициясында тіркелді. Тергеу кезінде аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 34 жастағы П. есімді азамат ұсталды.
Күдікті қамауға алынды.
«ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жарияланбайды», - дейді полициядан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!