{metadescription}
Биыл тағы үш маршруттағы пойызда әйелдер вагоны пайда болады

Биыл тағы үш маршруттағы пойызда әйелдер вагоны пайда болады

Былтырдан бері елімізде 154 мың жолаушы әйелдерге арналған вагонда қатынаған.

Бұл жөнінде «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының бас директоры Жәнібек Тайжанов БАҚ өкілдерімен өткен брифингіде айтты.

«Былтырдан бері жүріп жатқан әйелдер вагоны жобасына жолаушылардан жақсы лебіздер көп түсіп жатыр. Яғни, бес бағыттағы пойыздардың құрамында тек әйел жыныстыларға ғана қызмет көрсетіп, соларды ғана кіргізетін вагондар болды. Осы жоба бізде өте жақсы жүрді. Жолаушылардан мұндай вагондардың санын кеңейтсеңіздер деген өтініш-тілек көп түсті. Биыл сол жобаны тағы да пилоттық режимде жалғастырамыз», - деді ол.

Айтуынша, әйелдер вагоны тағы үш маршруттың пойыздарына жалғанбақ.

«Тағы үш маршрут қосылады. Бұрын Алматы-Маңғыстау, Алматы-Өскемен, Павлодар-Түркістан, Маңғыстау-Семей, Атырау-Астана бағыттарындағы пойыздарда болған еді. Биыл жазда Астана-Алматы, Астана-Шымкент, Алматы-Ақтөбе бағыттарындағы пойыздарда әйелдерге арналған вагондар пайда болады. Былтырдан бері осы әйелдерге арналған вагондармен 154 мыңдай жолаушыны тасымалдадық», - деді Жәнібек Тайжанов.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде