{metadescription}
Өскеменде тұрғын үйден өрт шығып, 7 адам эвакуацияланды

Өскеменде тұрғын үйден өрт шығып, 7 адам эвакуацияланды

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өрт бүгін Бітібаева көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің екінші қабатынан шыққан.

«Қызыл жалын жоғары қабаттардың балкондарына тез тарап кетті. Бүкіл подъез ішін қою қара түтін басты. Оқиға орнына 6 минут ішінде жеткен құтқарушылар жедел түрде тұрғындарды эвакуациялауға кірісті. Әуелі подъез ішіндегі 5 азамат қауіпсіз жерге көшірілді», - делінген ақпаратта.

Одан соң өрт сөндірушілер 7 адамды құтқарды, оның ішінде 2-і мүгедектігі бар жан, 2-і бала. Кейбір тұрғындарды қолмен көтеріп сыртқа шығаруға тура келген.

«Өрт болған пәтердегі 70 жастағы қарияның денесін күйік шалған. Оған апаттар медицинасы орталығының және жедел жәрдем қызметкерлері алғашқы көмек көрсетіп, емханаға жеткізді. Көп ұзамай 55 шаршы метр аумаққа жайылған тілсіз жау толықтай сөндірілді», - делінген хабарламада.

Жалын салдарынан 5 балкон бүлінді. Өртті ауыздықтауға барлығы 19 адам мен 6 техника жұмылдырылған. Алдын ала дерек бойынша оттың шығуына – темекі шегу кезіндегі абайсыздық себеп болуы мүмкін.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.