{metadescription}
«АрселорМитталТеміртау» заңгерінің өліміне қатысты күдіктілер ұсталды

«АрселорМитталТеміртау» заңгерінің өліміне қатысты күдіктілер ұсталды

Қарағанды облысының полицейлері «АрселорМитталТеміртау» АҚ заңгерінің өліміне қатысты күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Рolisia.kz.

«Жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде Шахтинск қаласының 53 жастағы тұрғынының өліміне қатысы бар деген күдікпен аталған қаланың тұрғындары – 52 жастағы ер адам мен 44 жастағы әйел анықталып, ұсталды.

Қылмыстық оқиға жәбірленушінің кәсіби қызметімен байланысты емес. Айғақзаттар тәркіленді. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин.

Еске салайық, 23 сәуір күні Шахтинск қаласында пәтердегі өртті сөндіру кезінде денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар 53 жастағы пәтер иесінің мәйіті табылған болатын.

Аталған дерекке байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабына («Адам өлтіру») сәйкес тергеу жүріп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.