Қазақстанда күн суытады
Синоптиктер Қазақстанда 27-29 сәуірде ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады.
Фото: ашық дереккөзден
17:19 26.04.2023
Болжам бойынша, алдағы тәулікте солтүстік-батыс циклонының атмосфералық фронтал бөліктері ықпалынан батыста, солтүстік-батыста, одан кейін шығысқа ауысқан сайын солтүстік, орталық және шығыс облыстарда найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп күтіледі. Республика бойынша жел күшейіп, батыс және оңтүстік облыстарда құмды дауыл күтіледі.
"Күндіз ауа температурасы біртіндеп көтеріледі: батыс өңірлерде 23-33 градусқа дейін, оңтүстікте 27-35 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста 23-30 градусқа дейін. Елдің қалған аумағында 27-28 сәуірде қазіргі температуралық фон сақталады, алайда 29 сәуірде түнде 2-10, күндіз 10-18 градусқа дейін төмендейді", - делінген хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!