{metadescription}
Риддер қаласы әкімінің міндетін атқарушы тағайындалды

Риддер қаласы әкімінің міндетін атқарушы тағайындалды

Қала әкімінің міндетін атқарушы болып әкімнің орынбасары Дархан Қосантаев тағайындалды.

Еске сала кетейік, Риддер қаласының әкімі Дмитрий Анатольевич Горьковой 2023 жылы 21 сәуірде кенеттен қайтыс болған еді.

Дархан Дәуренбекұлы 1991 жылы 4 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қаратоғай ауылында дүниеге келген.

2009-2013 жылдары Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде экономика және менеджмент факультетінде оқып, қаржы бакалавры біліктілігін алған.

2015-2017 жылы Семей қаласында Казақ мемлекеттік заң университетінде «құқық бакалавры» мамандығы бойынша білім алды.

11.2013-01.2014 жылдары Шемонаиха ауданы Усть-Таловка кенті әкімінің аппараты бас маманы міндетін атқарушы.

01.2014-02.2014 жылы Шемонаиха ауданы Усть-Таловка кенті әкімінің аппаратының бас маманы.

03.2014-04.2015 жылдары Шемонаиха ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі бас маманы.

04.2015-08.2015 жылдары Шемонаиха ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі бас маманы.

08.2015-05.2017 жылдары Шемонаиха ауданы Усть-Таловка кенті әкімінің аппараты кенттік инфрақұрылым бөлімінің басшысы.

05.2017-02.2020 жылдары Шемонаиха ауданының қаржы бөлімі коммуналдық меншікті бухгалтерлік есеп және есептілік, басқару және мониторинг секторының меңгерушісі.

02.2020-12.2020 жылдары Шемонаиха ауданының қаржы бөлімі басшысы.

12.2020 -05.2021 жылдары Риддер қаласы әкімінің аппараты персоналды басқару бөлімінің басшысы.

05.2021-13.04.2022 жылдары Риддер қаласы әкімінің аппарат басшысы.

2022 жылдан қазіргі уақытта Риддер қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде