{metadescription}
Серік Күдебаев уақытша ұстау изоляторына қамалды

Серік Күдебаев уақытша ұстау изоляторына қамалды

Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы С.М.Күдебаев ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бас прокуратураның мәліметінше, ол 2022 жылдың қаңтарында болған оқиғалар кезінде билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны және азаптау үшін айыпталды.

«Сот талқылауы кезінде С.М. Күдебаев өзіне қатысты қолданылған бұлтартпау шарасын бұзып, соттан жалтарып кеткен, сол себепті қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасымен мемлекетаралық іздеуге жарияланды», - деп жазды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде