{metadescription}
Алматыда соғыс ардагерлеріне 1,5 млн теңгеден беру жоспарда

Алматыда соғыс ардагерлеріне 1,5 млн теңгеден беру жоспарда

Алматы қаласында Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 58 ардагер қалды. Олардың әрқайсысына Жеңіс күніне орай 1,5 миллион теңгеден беру жоспарда.

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданы тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді.

Кездесу барысында мегаполис тұрғыны қала әкімінен биыл соғыс ардагерлеріне материалдық көмек көрсетіле ме, деп сұрады.

«9 мамыр - бәріміз үшін қасиетті мереке. Ия, өкінішке орай, ардагерлер қатары жыл сайын азайып келеді. Соңғы мәліметтер бойынша, Алматыда 58 ардагер тұрады. Мен олардың барлығы өз мерекелерін аман-есен қарсы алғанын қалаймын және біз оларды жыл сайын құттықтап келеміз. Көмек туралы - қаражат қарастырылған, біз әрбір ардагерге бір миллион теңгеден төлеуді жоспарладық. Ертең мәслихат отырысы өтеді, мен депутаттардан оларға 1,5 млн теңгеден беру үшін тағы бес жүз мың қосуды сұрадым», – деді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев.

Айтуынша, 9 мамыр күні қалада дәстүр бойынша 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта гүл шоғы қойылып, мерекелік концерт болады.

«Біздің ардагерлерге қаланың барлық ауданында құрмет көрсетіледі. Біз бұл мерекеге ерекше дайындалып, үлкен назар аударамыз. Мерекеге өзі қатыса алмайтын ардагерлерге жеке көңіл бөлеміз – аудан әкімдерімен бірге мен өзім олардың әрқайсысына барып, Жеңіс күнімен жеке құттықтайтын боламын», - деді әкім.

Сондай-ақ ол Ауған жауынгерлері мен тыл еңбеккерлеріне де материалдық көмек көрсетілетінін атап өтті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде