{metadescription}
29 сәуір күні Астанада жүгіруден қайырымдылық жарысы өтеді

29 сәуір күні Астанада жүгіруден қайырымдылық жарысы өтеді

29 сәуірде Астананың Триатлон паркінде «Run for autism» жүгіруден қайырымдылық жарысы өтеді.

«Болашақ» корпоративтік қоры қайырымдылық жүгірісті көптеген серіктестердің қолдауымен қоғамның аутизм туралы хабардарлығын арттыру, аутизмі бар адамдардың өмір сапасын жақсарту және олардың әлеуметтенуі мен өз қабілеттерін іске асыруға жағдайлардың жасалуын қамтамасыз ету мақсатымен өткізеді. Жиналған қаражат аутизмі бар және басқа да менталдық бұзылушылықтары бар балаларды қолдауға арналған «Болашақ» қорының «Әр бала мектепке баруға лайықты» бағдарламасына бағытталады.

Жүгіріс Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату күніне орайластырылған. Жыл сайын сәуір айы бойы аутизм спектрі бұзылған адамдарға көмектесу үшін бірқатар шаралар мен ақпараттық-түсіндіру науқандары өткізіледі.

Жүгіріс 1, 2,5, 5 және 10 шақырым қашықтықтары бойынша өтеді. Қатысу құны 4 990 теңгеден 7 990 теңгеге дейін. Жүгіруге кәсіби спортшылар, жүгірушілер, әуесқой спортшылар, ерекше балалар және олардың ата-аналары мен тағы басқалар қатысады. Жүгіріс қонақтары қатарында Олимпиада чемпионы, бокстан үш дүркін әлем чемпионы, бокстан үш дүркін Азия чемпионы Серік Сәпиев, ММА және джиу-джитсудан бес дүркін әлем чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Айдар Махметов, ауыр атлетикадан екі дүркін әлем чемпионы, екі дүркін Еуропа чемпионы, Қазақстан чемпионы, Азия және Азия ойындарының чемпионы Светлана Подобедова, сондай-ақ күш нөмірлері бойынша төрт дүркін рекордсмен, Гиннесс кітабының рекордсмені және Қазақстанның алты дүркін рекордсмені палуан Сергей Цырульников бар.

Қайырымдылық жүгіріс аясында аутизм және дамуында басқа ерекшеліктері бар балалар «Көңілді старттар» ойын-сауық эстафетасына қатыса алады. Сонымен қатар бағалы жүлделер мен сыйлықтар: Apple iPhone 14Pro смартфондары, ересектерге және балаларға арналған велосипедтер, «Oxy Fit&Gym» фитнес-клубына жылдық абонемент, сондай-ақ Darmed клиникасында денсаулықты толық тексеру ойнатылады.

«Болашақ» корпоративтік қоры ұйымдастырған «Run for autism» қайырымдылық жүгірісі Астана қаласы әкімдігінің, NAK холдингінің, «BF Mereke» қоғамдық қайырымдылық қорының, «Astana Railways», «YDA» компанияларының, «SF» қазақстандық дәмді тағамдар желісі, «Astana Invest», «Myd Production» компанияларының, «G-life» еолордалық суы, NAURYZ HALF MARATHON, «Мир равных возможностей» қорының, «TECHNODOM», «Tion» компанияларының, «Oxy Fit&Gym» фитнес-клубының, «Darmed» клиникасының, сондай-ақ Қазақстан спортшылар одағының және «Nomad Triathlon Club» қолдауымен жүргізіледі.

Жүгірістің ақпараттық серіктестері: ҚР Президентінің телерадиокешені, «Sputnik Казахстан» ақпараттық агенттігі, «NUR Media» медиахолдингі, «Хабар» агенттігі, «QazContent» акционерлік қоғамы, «Қазақ радиолары», «Sxodim Group» медиахолдингі.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде