{metadescription}
Ауаның ластануы адам өмірін орта есеппен 1 жылға қысқартады - сарапшы

Ауаның ластануы адам өмірін орта есеппен 1 жылға қысқартады - сарапшы

Ауаның ластануы салдарынан Қазақстан жыл сайын 2,5 миллиард доллар жоғалтады.

Мұндай деректі экологиялық ұйымдар қауымдастығының басқарма төрағасы Айгүл Соловьева келтірді.

Бішкекте өтіп жатқан Денсаулық сақтау жөніндегі ХІІ халықаралық конференция барысында Айгүл Соловьева ауаның ластануы адам өмірін орта есеппен 1 жылға қысқартатындығын атап өтті.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебіне сәйкес, 2019 жылы ауаның ластануы бүкіл әлем бойынша 8,8 миллионға жуық адамның өмірін қиды. Остиндегі Техас университеті ғалымдарының дерегінше, ауаның жаһандық ластануы адамның өмір сүру ұзақтығын орта есеппен бір жылға қысқартады», - деді ол конференция барысында.

Спикер өзге де статистикалық деректерді келтірді. Мәселен, Дүниежүзілік банктің мәліметінше, Қазақстанның тек төрт өңірінде – Алматы, Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында ауаның ластануынан жыл сайын созылмалы бронхиттің 1 016 жаңа жағдайы тіркеліп, 2 040 адам ауруханаға жатқызылады. Жедел медициналық көмекке 40 мыңнан астам адам жүгінеді. Мұнан бөлек, 2 848 адам мезгілсіз өмірден озса, жүрек-өкпе ауруларынан 2 665 өлім, өкпе обырынан 183 өлім тіркеледі.

«2011 жылы кейбір қалада атмосфералық ауаның ластануынан туындаған мезгілсіз өлім-жітімді есепке алмағанда, ластанған ауаның халықтың денсаулығына әсер етуінен болған залал Алматыда – 486 млн, Павлодарда – 181 млн, Өскеменде – 157 млн, Теміртауда 154 млн долларды құрады. Ауаның ластануынан туындаған аурулардың салдарынан республикалық залал жыл сайын 2,5 млрд долларға жетеді. Бұл – жалпы ішкі өнімнің 1,7 пайызы», - деді Айгүл Соловьева.

Оның пайымынша, халыққа сапалы және шынайы экологиялық ақпарат ұсыну қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясаттың негізгі бағыттарының бірі болуы тиіс.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде