Қор нарығында доллар 2,25 теңгеге қымбаттады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтерілді.
16:36 27.04.2023
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,25 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 456,21 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,56 теңге.
Ұлттық банктің 27 сәуірдегі ресми бағамы – 1 долларға 453,93 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 454 теңге, сатып алу – 457 теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 453,5 теңгеден болса, сатып алу құны – 458 теңге.
Ресей рублі 5,45-5,65 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!