Алакөлде заңсыз балық аулаған браконьерлер ұсталды
Жетісу облысының Алакөл көлінде моторлы қайық, тор және заңсыз аулаған балықтарымен браконьер ұсталды.
Фото: polisia.kz
17:29 27.04.2023
Жетісу полицейлері өңірдің балық шаруашылығы инспекторларымен бірлесіп Алакөл көлінде браконьерлікпен айналысқан 44 жастағы ер адамды ұстады. Ұсталған адам көрші Абай облысының тұрғыны болып шықты. Одан тәртіп сақшылары 30 келі заңсыз ауланған көксерке балығын тәркіледі.
«Мемлекетке келтірілген залал 400 мың теңгеден асады. Бұл факт бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабында көзделген қылмыстық іс қозғалды (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу), заттай айғақ ретінде дараталшық тор мен моторлы қайық іске қоса тіркелді», – деді табиғат қорғау полициясының аға инспекторы Бағлан Рымжанов.
Балық сату үшін қабылдау пунктіне өткізілді. Одан әрі жиналған қаражат мемлекет кірісіне тапсырылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!