{metadescription}
Әкесімен жанжалдасып кетіп қалған көкшетаулық жасөспірім оралмаған

Әкесімен жанжалдасып кетіп қалған көкшетаулық жасөспірім оралмаған

Көкшетауда бір апта бұрын үйінен кетіп қалған жасөспірім іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, 21 сәуірде Көкшетау қалалық полиция бөліміне Андрей Андреевич Верещенконың хабар-ошарсыз кеткендігі туралы хабар түскен.

«Әкесінің сөзінше, ұлы бір күн бұрын үйінен кетіп қалған. Жасөспірімнің үйінен кетуіне әкесімен арада туындаған жанжал себеп болған көрінеді. Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған А. Верещенконы іздеуге Көкшетау қалалық полиция басқармасының жеке құрамы бағдарланған, еріктілер мен қамқор азаматтар белсенді көмек көрсетіп жатыр», - деді ведомстводан.

Жоғалған баланың бойы – 178 см, шашы қара, көздері сұр, бетінде сепкілдер бар. Сонымен бірге, үстіне қою көк түсті футболка, қою көк түсті шалбар киген.

Осы ретте, тәртіп сақшылары жоғалған баланың орналасқан жерін білетін адамдар болса, дереу Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, 1 «а» немесе 8 (7162) 25 78 05, 8 707 119 87 19 телефондары бойынша полиция басқармасына хабарлауды сұрайды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде