Көкшетауда 63 жастағы ер адам атылып қалды
Көкшетауда полиция өзін-өзі атқан ер адамның өлімі бойынша тергеу жүргізіп жатыр.
Фото: ашық дереккөзден
20:11 27.04.2023
«Алдын ала анықталғандай, сәуірдің 27-де Көкшетау қаласының 1960 жылғы тұрғыны ТОЗ-8 маркалы мылтығынан өзін-өзі атқан. Оқиға орнынан алынған қару бойынша сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта осы дерекке байланысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі «өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталады», - деді ҚазАқпарат тілшісінің сауалына ПД баспасөз қызметінен.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!