{metadescription}
Жыл басынан бері азық-түлік бағасы 3,5%-ға өскен

Жыл басынан бері азық-түлік бағасы 3,5%-ға өскен

Жыл басталғалы елімізде азық-түлік бағасы белгілі көлемде өскен. Ал, кейбір өнімдердің арзандағаны байқалады.

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

«Биылғы маусымаралық кезеңде 139,5 мың тонна өнім қоры жасақталды. Бүгінде оның 62,1 мың тоннасы тұтынуға жіберілді. Атап айтқанда, картоп – 29,7 мың тонна, сәбіз – 11,7 мың тонна, пияз – 11,9 мың тонна және 8,7 мың тонна қырыққабат. Нәтижесінде Үкімет негізгі азық-түлік бағасының өсу қарқынын тоқтата алды. Соңғы 7 аптада баға 0,1%-дан аспады, ал жыл басынан бері азық-түлік бағасы 3,5%-ға көтерілді. Соңғы 5 жыл ішінде орташа есеппен 6,4% болды», - деді Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шаққалиев.

Оның айтуынша, 2024 жылы маусымаралық кезеңде баға ауытқуы болмауы үшін тауар өндірушілермен қазірден келісімшарт жасалып жатыр.

«Аталған мақсатқа жету үшін бүгінде 90 мың тоннаға жуық көкөніс өнімі жасақталды. Сондай-ақ, биыл тарифтік және тарифтік емес реттеуде уақтылы қабылданған шаралар оң нәтижесін берді. Отандық тауар өндірушілерді шикізатпен қамтамасыз ету үшін биыл 4 ақпаннан бастап күнбағыс тұқымына экспорттық кедендік баждар енгізілді. Бұл шара күнбағыс майын өндіруде ішкі нарықты шикізатпен қамтуға мүмкіндік берді», - дейді ол.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде