{metadescription}
Сот Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін тағы ұзартты

Сот Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін тағы ұзартты

Сот Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 21 мамырына дейін ұзартты.

«Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 17 сәуірдегі ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Қ.-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін ұзартуын санкциялау туралы өтініші қанағаттандырылды. Яғни 2023 жылдың 21 мамырына дейін», - делінген сот мәліметінде.

Айта кетейік, Қайрат Құдайбергеннің ұсталғаны туралы ақпарат 22 сәуірде пайда болған еді. 24 сәуір күні сот қаулысымен тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылып, Қайрат Құдайбергенге қатысты әрекетті саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін оны 30 тәулік мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілген болатын. Қ.Құдайбергенге «Дикий» Арманмен бірге қаңтар оқиғасы кезінде адам жинауды ұйымдастырды деген айып тағылып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.