{metadescription}
Атырау облысында мемлекет иелігіне 210 мың гектар жер қайтарылады

Атырау облысында мемлекет иелігіне 210 мың гектар жер қайтарылады

Биыл Атырау облысында мемлекет иелігіне ауыл шаруашылығы мақсатындағы 210 мың гектар жер телімі қайтарылады.

Жер ресурстарын басқару комитеті Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Гүлзия Құрманованың мәліметінше, жер учаскесін нысаналы мақсатқа сай игермегендерге 21 нұсқама берілген. Ал Жер кодексінің талаптарын сақтамаған, жер учаскелерін заңға қайшы пайдаланғандарға 18 нұсқама жолданды.

«Президенттің ауылшаруашылық мақсатына беріліп, игерілмей отырған жер учаскелерін мемлекетке қайтару тапсырмасына сәйкес, өткен жылы 200 мың гектар жер учаскесін қайтару көзделген еді. Былтыр барлығы 185 жер учаскесі қайтарылды.

Жер телімінің жалпы көлемі 206 мың 209,90 гектарды құрайды. Оның ішінде егістік алқабына 15 416 гектар жер учаскесі, жайылымдық мақсатта пайдалану 190693,90 гектар берілген. Ал 100 гектар басқа мақсаттағы жұмыстар үшін берілгені анықталды.

Биыл облыс бойынша 210 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін мемлекетке қайтару жоспарланып отыр», - дейді Гүлзия Құрманова.

Оның айтуынша, облыс аумағында осы кезге дейін 56 жер учаскесі қайтарылған. Жер телімінің жалпы көлемі 17296,20 гектарды құрайды. Оның ішінде 40 гектар егістік алқабы, 16864,95 гектар жайылымдық, 391,25 гектар басқа мақсаттағы жер учаскелері бар.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде