{metadescription}
Қазақстан мен Тәжікстан Президенттері мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-әрекет мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Тәжікстан Президенттері мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-әрекет мәселелерін талқылады

Президенттер сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға, соның ішінде өзара тауар айналымын арттыруға, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және цифрландыру салаларындағы қатынастарды дамытуға баса мән берді.

Сондай-ақ білім беру, мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-әрекет мәселелері талқыланды.

"Қазақстанда тәжік халқына ерекше құрметпен қарайды, сондай-ақ достық, бауырластық және өзара қолдау рухындағы ынтымақтастығымызды нығайтуға айрықша мән береді. Сондықтан бұл сапар өте маңызды. Жаңа ғана сіздің сапарыңызды тарихи сапар деп атап өттік. Өйткені ол елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығарады. Екі ел арасында Одақтастық өзара іс-қимыл туралы декларацияға қол қойылады. Бізді алда үлкен жұмыс күтіп тұр. Себебі одақтастық қарым-қатынас аясында жаңа стратегиялық жобалар жүзеге асырылады. Біз жаңа ғана екі немесе үш ірі стратегиялық жоба әзірлеу қажет екенін айттық. Екі ел үкіметтеріне осы міндетті жүзеге асыру жөнінде тапсырма бердік. Жақын арада екіжақты қарым-қатынас жаңа деңгейге көтеріледі деп ойлаймын", – деді Қазақстан Президенті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде