Ақтөбеде тұрғын үй маңынан жас жігіттің денесі табылды
Ақтөбе қаласы Есет батыр тұрғын алабында ер адамның денесі табылды. Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 37 жастағы тұрғын ұсталды.
14:56 04.05.2023
Оқиға кеше болды. Есет батыр тұрғын алабындағы үй жанынан 31 жастағы ер адамның мәйіті табылды.
«Полиция қызметкерлері осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 37 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғынын анықтап, ұстады. Қылмыстық кодекстің «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық істі тергеу шеңберінде өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!