Қор нарығында доллар қайта қымбаттады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
15:50 04.05.2023
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,55 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 445, 29 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,59 теңге.
Ұлттық банктің 4 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 442, 52 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларды сату бағамы – 444 теңге, сатып алу – 447,5 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 444,5 теңгеден болса, сатып алу құны – 448,5 теңге.
Ресей рублі 5,5 – 5,6 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!