Қарағандыда 85 жастағы әйел өз ұлын өлтірді деген күдікке ілінді
Қарағандыда 85 жастағы зейнеткер 50 жастағы ұлын өлтірді деген күдікке ілінді.
Фото: ашық дереккөзден
16:52 04.05.2023
Облыстық полицияның мәліметінше, 26 сәуір күні Ермеков көшесіндегі пәтерлердің бірінен зорлық-зомбылықпен өлтірілген белгілер бар ер адамның мәйіті табылды. Оның жанында 85 жастағы анасы, яғни пәтердің иесі болған.
"Анасы мен ұлы облыстық психоневрологиялық диспансерде есепте тұр. Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен (Адам өлтіру) қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр", - деді Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомство өкілдері ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы аясындағы өзге мәліметтер жария етуге жатпайтынын атап өтті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!