Кентауда мектеп пен колледж шатырын жел ұшырып кетті
Түркістан облысын Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өңірде желдің ұйытқуы орташа деңгейде секундтына 26 метр, ал таулы аумақтарда 30 метрге дейін жеткен.
Фото: Түркістан облысы ТЖД
17:16 04.05.2023
Қатты желдің салдарынан Кентау қаласындағы ғимараттар көп зардап шегуде.Мәселен, Кентау қаласындағы политехникалық колледждің 700 шаршы метр шатыры ұшып кеткен. Соның салдарынан көршілес тұрғын үйлердің қоршаулары мен шатырына зақымданған.
Сондай-ақ, Кентаудағы «Қазақтелеком» ғимаратының 450 шаршы метр шатыры да түгелдей ұшып түскен. Ал, жөндеу жұмыстарынан өткеніне көп бола қоймаған Ы. Алтынсарин атындағы №1 мектеп ғимаратының шатыры да жерге құлаған.
«Өңірдегі 4 ауданда 14612 абонент жарықсыз қалған болатын. Қазір 3000-ға жуық абонентке жарық берілді. Сондай-ақ, Төтенше жағдайлар департаментінің ғимаратында жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Алдағы 4, 5, 6 мамырда да желдің қарқыны сақталады. Сондықтан аса бір қажеттілік болмаса сыртқа шықпауларыңызды сұраймыз», - деді Түркістан облысы ТЖД бастығының орынбасары Ерік Сарыбаев.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!