Жапонияда жер сілкінісінен бір адам қаза тауып, 22-сі зардап шекті
Жұма күні Жапония орталығына жақын орналасқан аудандарда және Исикава префектурасында 6,5 магнитудасымен болған жер сілкінісі салдарынан 1 адам қаза тауып, 22-сі зардап шекті.
Фото: ашық дереккөзден
10:24 06.05.2023
Жапония метеорологиялық агенттігінің (JMA) мәліметінше, қуатты зілзала жергілікті уақытпен сағат 14:42-де (Гринвич бойынша 05:42) Судзу қаласында болды. Қала Исикава префектурасындағы Ното түбегінде орналасқан.
Жерасты дүмпуінің күші сейсмикалық қуаттылықтың жапония шкаласы бойынша 6 балды құрады. Айта кетейік, максималды шкала – 7. Тербеліс 12 км тереңдікте орналасты.
Жергілікті полиция мәліметінше, жер сілкінісі салдарынан 65 жастағы ер адам Судзу қаласында баспалдақтан құлап кетіп, мерт болды.
Сондай-ақ үш үй қираған, қирандылар арасында қалып қойған екі адам құтқарылды.
JMA дерегінше, сағат 21:58-де (Гринвич бойынша 12:58) Ното түбегі аумағында 5,8 магнитудасымен бірнеше жерасты дүмпуі тіркелді. Метеоролгиялық агенттік жер сілкінісі апта бойы қайталануы мүмкін екендігін ескертті.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!