{metadescription}
Бірінші тоқсанда медиандық жалақы 225 мың теңге болды

Бірінші тоқсанда медиандық жалақы 225 мың теңге болды

2023 жылғы I тоқсанда Қазақстанда атаулы жалақының орташа мәні 340 636 теңгені құрады. 2022 жылдың тиісті тоқсанына қарағанда өсім – 19,3%, нақты мәнде 0,6% төмендеді, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

Медиандық жалақы(жалақы қатарының орталық деңгейі) І тоқсанда 225 736 теңгені құрады.

Өткен жылдың І тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғар өсімі құрылыста – 34,5%, ақпарат және байланыста– 30,3%, тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсетуде 29,2% байқалды.

Ал нақты орташа айлық жалақының төмендеуібір жылда 8,6% өзге қызметтерді көрсету саласында тіркелді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде