{metadescription}
Астанада 2 жасар қыз терезеден құлап, аман қалды

Астанада 2 жасар қыз терезеден құлап, аман қалды

6 мамыр күні Астанада Байтұрсынов 37 көшесінде 2021 жылы туған қыз бала үлкендердің қарауынсыз қалып, 7 қабатты тұрғын үйдің 3-қабатынан құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, анасы үлкен баласымен тіс дәрігерінде болған кезде үйде отырған әкесі баланың терезені ашып, сыртқа қалай шығып кеткенін байқамай қалған.

Қуанышқа орай көршілері сыртта құлайын деп тұрған баланы уақтылы көріп қалып, көрпе жайып тұрып баланы қағып алады. Қыз бала ауруханаға жатқызылды, жағдайы орташа дәрежеде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде