Италияның қабылдау орталығына бір тәулікте 600-ден астам мигрант жеткізілді
Бір тәулік ішінде теңіздегі апаттан зардап шеккен 600-ден астам мигрант италиялық Лампедуза аралына жеткізілді. Аралдың қабылдау орталығы толып қалды. Билік өкілдері мигранттардың бір бөлігін Сицилияға жіберіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
11:38 07.05.2023
Теңіздегі апаттан зардап шеккен, адамдар мінген 10 қайық италиялық Лампедузаға сенбі күні келді. Олар жағаға 430 адамды жеткізді.
Кейінгі күндері күн жылып, ай толып жарық болғандықтан Жерорта теңізін кесіп өтпекші болған мигранттар саны артқан. Жұма күні 247 адам мінген 7 қайық Лампедузаға жеткізілген болатын.
Лампедузадағы қабылдау орталығындағы адамдар санын азайтуға тырысқанына қарамастан, сыйымдылық 3 еседен асып кетті: орталықта 900-ге жуық адам бар.
Жергілікті билік Риммен келісе отырып мигранттардың бір бөлігін сицилиялық Порто-Эмпедоклеге Novelli паромымен жібереді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!