{metadescription}
«Канело» Мексикада Джон Райдерді жеңді

«Канело» Мексикада Джон Райдерді жеңді

Гвадалахарадағы (Мексика) Estadio Akron аренасында бокс кешінің негізгі жекпе-жегі өтті.

Жергілікті жұлдыз Сауль «Канело» Альварес (58-2-2, 39 КО) британдық Джон Райдерге (32-5, 18 КО) қарсы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kzпорталына сілтеме жасап.

Бәске суперорта салмақтағы әлемнің абсолют чемпионы атағы қойылды. «Канело» барлық титулын (WBA Super, WBC, WBO және IBF) бәске тікті. Жекпе-жек он екі раундқа жоспарланған болатын, күтпеген жерден раунд толық аяқталып, төрешілердің бірауыз шешімімен мексикалық боксшы жеңімпаз атанды.

Бесінші және сегізінші раундтарда Райдер нокдаунға түсіп қап, мұрнын жарақаттап алды. Осылайша, «Канело» кәсіпқой бокстағы 59-шы жеңісіне қол жеткізсе, Джон алтыншы рет жеңілді.

Былтыр қыркүйекте Сауль Альварес төрешілердің бірауыз шешімімен қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннен (42-2-1, 37 КО) басым түскен болатын.

Сапопандағы (Мексика) бокс кешінде Сауль «Канело» Альварес андеркардында қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл (3-0, 3 КО) рингке шыққан. Әбілхан Аманқұл мексикалық Фабиан Риос Фраустоны нокаутқа жіберді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

16 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде