{metadescription}
Ақтауда яхта суға батып кетті

Ақтауда яхта суға батып кетті

Ақтау қаласындағы теңіз жағалауында яхта суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Су көлігінің батып бара жатқанын куәгерлер видеоға түсіріп алған. Олардың айтуынша, шағын яхта 1-ықшам аудандағы «Бриз» клубының айлағында батқан.

«Яхта батып барады. Иесі үшін бұл ауыр қайғы ғой», - дейді видео авторы.

Қайықтарды жалға беретін компания келеңсіз оқиғаның болғанын растады.

«Яхта судан шығарылды. Зардап шеккендер жоқ», - деді компаниядан.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

16 қараша

15 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде