{metadescription}
Маңғыстау облысында нәрестені сату кезінде екі әйел ұсталды

Маңғыстау облысында нәрестені сату кезінде екі әйел ұсталды

Маңғыстаулық полицейлер шақалақты сату кезінде екі әйелді ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«4 мамыр күні сағат 13.00 шамасында облыс прокуратурасының үйлестіруімен Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жаңа туған нәресте үшін ақша алу кезінде 35 жастағы күдікті әйелді ұстады.

Полция қызметкерлері, сондай-ақ қолына нәресте тапсырылған 38 жастағы күдікті әйелді құрықтады.

Шақалақ сот шешімі шыққанға дейін Ақтау қаласындағы мамандандырылған сәбилер үйіне орналастырылды.

Аталған факті бойынша Маңғыстау облысы Полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Өзге мәлімет тергеу мүддесіне орай жария етуге жатпайды», - делінген мәліметте.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

16 қараша

15 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде