Каспийде тағы да итбалық қырылып, қылмыстық іс қозғалды
6 мамыр күні Каспий теңізі жағалауынан 15 итбалық және 4 бекіре балығының өлексесі табылды. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайжы ҚазАқпарат.
13:48 08.05.2023
«6 мамыр күні жергілікті уақыт сағат 19:00 шамасында түскен ақпаратқа сәйкес, Жайық – Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы мен Маңғыстау облыстық балық инспекциясы басқармасының мемлекеттік инспекторлары мониторинг жүргізу барысында Түпқараған ауданы Баутино ауылы тұсындағы Каспий теңізі жағалауынан 15 итбалық пен 4 бекіре балығының өлексесін тапты.
Маңғыстау облысы бойынша Экология департаменті итбалықтар табылған жерден су мен ауа сынамаларын алды. Табылған теңіз жануарлары ұшаларының ыдырау деңгейі жоғарғы дәрежеде болғандықтан, оқиға себебін анықтау үшін гистологиялық сынама алу мүмкін болмады», - делінген Балық шаруашылығы комитетінің Facebook-парақшасында жарияланған хабарламада.
Мәлім болғандай, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Оның шеңберінде жануарлардың өліміне себеп болған мән-жайлар анықталады. Балық шаруалшылығы комитеті таратқан ақпаратқа сай, инспекция қызметкерлері Каспий теңізінің жағалауына мониторинг жүргізіп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!