Петропавлда төтенше жағдай жарияланды
Петропавл қаласында техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
14:49 09.05.2023
«Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын. Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Ә.Б. Әубәкіров техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жою бойынша басшы болып тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын», - делінген «Ашық» НҚА порталында жарияланған әкімдіктің шешім-жобасында.
Мәлім болғандай, бұл шешім 7 мамырда болған өрт салдарын жою мақсатында қабылданған.
«Петропавл қаласында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы» шешім 2023 жылғы 7 мамырдағы өрттен зардап шеккен тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, өрт салдарын жою мақсатында қабылданады. Негізгі міндет - мүлікті бағалау, өрт салдарынан зардап шеккен тұрғындарға материалдық залалды өтеу және тұрғын үй беру», - делінген шешімге қосымша берілген түсіндірмеде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!