{metadescription}
Өскеменде өртенген үйден анасы мен баласы құтқарылды

Өскеменде өртенген үйден анасы мен баласы құтқарылды

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өрт 9 мамыр күні қаладағы Металлургтер көшесінде орналасқан тұрғын үйдің екінші қабатынан шыққан.

Түтін тұмшалаған подъезден 15 тұрғын сыртқа өз бетінше шыққан. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келіп жеткенде қызыл жалын пәтер ішіндегі жиһаз бен жеке заттарды шарпып үлгерген.

«Жылдам әрекет еткен №7 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері іштегі ана мен баласын құтқарып қалды. Сондай-ақ бөлмелердің бірінен газ баллонын шығарып үлгерді. Тілсіз жаудың шығуына электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау себеп болуы мүмкін», - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, өртті сөндіруге барлығы 4 техника мен жеке құрамнан 15 адам жұмылдырылды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.