Беларусь екі сотталушыны Қазақстанға берді
Беларусьте сотталған Қазақстан Республикасының екі азаматы жазасын елде өтеу үшін экстрадицияланды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
10:43 10.05.2023
Беларусь Республикасының Бас прокуратурасы Беларусь соты бас бостандығынан айырған Қазақстан Республикасының азаматтарын («К» және «М») беру туралы сұранысын қанағаттандырды.
Азамат «К» Беларусияда аса ірі мөлшерде пара бергені үшін 5 жылға, азамат «М» жеке құжаттарды ұрлағаны, тонағаны және ұрлық жасағаны үшін 7 жыл 6 айға сотталған.
Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен аталған азаматтарды жазасын одан әрі қарай өтеу үшін Қазақстанға жеткізді.
Қазіргі уақытта олар Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!