{metadescription}
Алматыда ер адам көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болды

Алматыда ер адам көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болды

Алматының патрульдік полиция қызметкерлері өз-өзіне қол салмақ болған азаматты құтқарып қалды.

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, Наурызбай аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне белгісіз ер адам төрт қабатты үйдің шатырында өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Буран-263 патрульдік экипажы бірнеше минутта оқиға орнында болды.

«Белгілі болғандай, жергілікті тұрғын мас күйінде әйелімен жанжалдасып қалған, сол себепті ол алдымен өзіне пышақ салмақ болған. Қаннан қорыққан ол қараусыз қалған ғимаратқа барып, шатырдан секіруге бел буған», - деп хабарлады ведомстводан.

Оқиға орнына жеткен дәрігерлер ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жақын маңдағы ауруханаға алып кетті.

«Іс материалдары жергілікті учаскелік инспекторға тапсырылды, ол бірінші кезекте ер адамның отбасылық-тұрмыстық жағдайын тексеріп, өзін-өзі өлтіруге итермелеген мән-жайларды анықтайды», - деп атап өтті полиция өкілдері.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде