Алматы облысында марафоншы мәреге бірнеше метр қалғанда көз жұмды
Алматы облысында «Tengri Ultra 2023» марафонының қатысушысы Руслан Жолдыбаев жүрек талмасынан мерт болды.
Фото: ашық дереккөзден
12:09 10.05.2023
Қайғылы оқиға 9 мамыр күні Іле өзені аңғарында болды.
Алматы облысының әкімдігі марафоншының өліміне қатысты пікір білдірді.
«Tengri Ultra 2023» марафонында 1982 жылы туған ер адам 15 шақырымдық қашықтықты бағындырған соң мәре сызығына бірнеше метр қалғанда құлап қалды. Кезекші жедел жәрдем бригадасы бірден тиісті шаралар қабылдады. Бірақ өкінішке орай, ер адам қайтыс болды.
Желіде тараған «жедел жәрдем 10 минуттан кейін келді» деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Спорттық шара кезінде жедел жәрдем көлігі тәулік бойы кезекшілік жасап жүрді», - деп хабарлады Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!