{metadescription}
ІІМ басшысы полицейдің есірткімен ұсталуына қатысты пікір білдірді

ІІМ басшысы полицейдің есірткімен ұсталуына қатысты пікір білдірді

ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Қостанай облысында синтетикалық есірткі таратты деген күдікпен ұсталған полицейге қатысты пікір білдірді.

«Шынымен де жақында полицей ұсталды. Қылмыс жасаған әр адам біздің заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады. Аталған күдікті қамауға алынды. Қазір қызметтік тексеру басталды. Оның қорытындысы бойынша кінәлілер анықталса, заң аясында белгіленген жауапкершілікке тартылады», - деді М. Ахметжанов Мәжілісте тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Сонымен қатар министр Қостанай облысы ішкі істер органының басшылығы да тиісті жауапқа тартылатынын айтты.

Еске салайық, 5 мамырда Қостанай облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті мен Қостанай облысының Полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері бірлескен операция өткізіп, Қостанай қаласында синтетикалық есірткі таратты деген күдікпен полиция қызметкерін ұстады.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде