Қазақстанда қатты жаңбыр жауып, күн суытады
11 мамырда Қазақстанда жаңбыр жауып, күн суытады. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл соғады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Фото: ашық дереккөзден
16:08 10.05.2023
Синоптиктердің болжамы бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы оңтүстік циклонның ықпалында болады, соған байланысты жаңбыр жауып, күн күркірейді және бұршақ жаууы мүмкін. 11-12 мамырда батыста, 12-13 мамырда – солтүстік-батыста, солтүстікте, 13 мамырда – орталықта және шығыста қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл соғады.
Республика бойынша ауа температурасы төмендейді. Солтүстік және шығыс өңірлерде түнде 2 градусқа дейін үсік жүреді. Күндізгі уақытта температура солтүстік-батыста және солтүстікте 5-15 градус жылы болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!