{metadescription}
Қаңтар оқиғасы: Президент резиденциясына және әкімдікке шабуыл жасағандарға сот үкімі шықты

Қаңтар оқиғасы: Президент резиденциясына және әкімдікке шабуыл жасағандарға сот үкімі шықты

Бостандық ауданының №2 сотында жаппай тәртіпсіздікке қатысып, шабуыл жасау фактісі бойынша бес адамға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот К, А, К, В және Т есімді азаматтардың 2022 жылы 4-5 қаңтар аралығында жаппай тәртіпсіздікке қатысып, ғимараттар мен құрылыстарға шабуыл жасағанын анықтады.

Сондай-ақ бес сотталушы да тәртіпсіздікке қатысу кезінде қаза тапқан.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 272-бабының 2-бөлігі бойынша 3 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған, 269-баптың 2-бөлігі бойынша 7 жылдан 12 жылға дейін соттап, мүлкін тәркілеу жазасы көзделген.

«Сотталушылардың кінәсі алынған бейнежазбалармен, куәгерлер мен туыстарының тану туралы хаттамасымен, жүргізілген сот-медициналық сараптама және ұялы телефондардың орналасқан жері туралы мәліметтер арқылы дәлелденді. Олар Алматы қаласы әкімдігіне және Президент резиденциясына шабуыл жасаған кезде күзет қызметі атыс қаруын қолданғаны расталды. Бесеуі де сол атыс кезінде қаза тапты», - деп хабарлады қалалық соттан.

Ведомство мәліметінше, аталған қылмыстық істің қарастырылуының себебі - сотталушылардың заңды өкілдері қылмыстық істі ҚР ҚПК 35-бабы 1-бөлігі 11-тармағы бойынша қысқартуға қарсы болған.

«Сотталушылар кінәлі деп танылып, Қылмыстық-процестік кодекстің 35-бабы 1-бөлігі 11-тармағы негізінде қылмыстық жауапкершіліктен босатылды», - деп атап өтті сот өкілдері.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде