{metadescription}
Ауғанстанда жер сілкінді

Ауғанстанда жер сілкінді

Бүгін Алматы уақытымен таңғы сағат 06:21 кезінде Ауғанстанда жер сілкінісі болды.

Бұл мәліметті Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі тіркеген.

«Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 894 шақырым жерде, Ауғанстан аумағында болған.

Зілзаланың энергетикалық санаты - 10.4. MPV магнитудасы - 5,0. Тереңдігі - 15 км. MSK-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат түскен жоқ», - делінген «Алматы» кезекші операторының хабарламасында.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде