Медеудегі өртті сөндіру кезінде қаза болған өртсөндірушінің отбасына өтемақы төленеді
Медеудегі өртті сөндіру кезінде қаза болған өртсөндірушінің отбасына 13 миллион теңге мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді.
Фото: Видеодан алынған кадр
09:26 11.05.2023
"Құқық қорғау қызметі туралы" Заңға сәйкес қаза тапқан қызметкер Құрманбеков Арсланның мұрагерлеріне оның алпыс айлық ақшалай қаражаты (5 жылғы) - шамамен 13 миллион теңге мөлшерінде біржолғы өтемақы төленетін болады. Сонымен қатар, жерлеуге жұмсалған шығыстарға 600 мың теңге көлемінде өтемақы төленетін болады", - делінген хабарламада.
Жерлеу бойынша барлық шығынды Алматы Төтенше жағдайлар департаменті ұйымдастырды.
ТЖ министрлігі өкілдері Президент Әкімшілігіне мемлекеттік наградаға қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан өртсөндіруші Арслан Құрманбековті марапаттау туралы ұсыныс енгізді.
Сонымен қатар, Алматы әкімдігінің атына әлеуметтік көмек тәртібінде Арслан Құрманбековтың анасына тұрғын үй бөлу мүмкіндігін қарастыру туралы өтініш жолданды.
Еске салайық, 8 мамырда Медеудегі өртті сөндіру кезінде өртсөндіруші қаза болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!