{metadescription}
Қостанай облысында Ұлы Отан соғысының ардагері қайтыс болды

Қостанай облысында Ұлы Отан соғысының ардагері қайтыс болды

Николай Георгиевич Барабанов 1942 жылы тамызда майданға аттанған.

Орталық және Дала майдандарындағы ұрыстарға қатысып, Украинаны азат еткен. Екі рет жараланған.

Майданға тылда да көмектесуін жалғастырады. Тельман атындағы астық совхозында механик болып жұмыс істеген.

"1944 жылы әкем анамды кездестірді. Ол: "Мен саған әлі үйленбеймін, сауығып кетейін, соғыс әлі жүріп жатыр, мен майданға кетем, сен жесір қалып қаласың – бұл не керек, соғыс біте салысымен үйленемін", – дейді. 1945 жылы 9 мамырда әкем анамды АХАЖ-ға апарған", - деп еске алады ардагердің ұлы Владимир 9 мамыр қарсаңында.

Басылым мәліметінше, Қостанай облысында Ұлы Отан соғысының 19 ардагері бар.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде